«Каз Снек Сауда» ЖШС компаниясына «Халал» стандарт енгізілді
«Каз Снек Сауда» ЖШС кәсіпорыны ҚМДБ-ның «Халал» стандарты бойынша тексерістен өтіп, сертификатқа ие болды. Кәсіпорынның шикізаты мен дайын өнімдері арнайы зертханаға жіберіліп, тексерістің оң нәтижесі көрсетілді. Сертификатты ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы табыстады.
Аталмыш кәсіпорын 2009 жылдан бастап жеңіл тамақ нарығында өз өнімдерін өндіруде. Өнімдері Қазақстан аумағында кеңінен таралуда. Каз Снек Сауда кәсіпорыны өндіретін өнімдері келесідей: ТМ «Flint» қытырлағы, ТМ «Казахстанские №1» қуырылған дәні және күнбағыс жаңғақтары, ТМ «Big Bob» және «Jet» қуырылған тұзды пістесі, сонымен қатар ТМ «HROOM» картоп чипсиі.
Кәсіпорынның өндірістік аймағы Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 496 «а» мекен-жайында орналасқан.
ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі