Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 мамыр 2017

40

Жаңалықтар

Шымкент өңірінде ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның бір күндік семинары өтті

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шымкент өңірінде бір күндік оқу-семинар өтті. Кездесудің басты мақсаты – өңірдегі мешіт имамдарының жұмыстарын жандандыру және қала тұрғындары мен медресе шәкірттерінің білімдерін жетілдіру болып табылады.

Семинар жұмысы Шымкент қаласы орталық мешітінде «Халал ас-дініміздің діңгегі» тақырыбында имамдарға дәріс берумен басталды. ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директоры Бейбіт Мырзагелдиев  сөз бастап, «Халал астың хикметі не?» тақырыбында біраз мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жауапты өкілі Темур Аманкулов өңіріндегі Халалдың дамуының мән жайын баяндап берді.

Жоспар бойынша келесі кездесу Шымкент қаласы орталық мешітінің әйел-қыздар жамағаты мен медресе шәкірттерін оқытумен жалғасты. Оқыту жұмыстарын ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның сарапшы маманы Алмагуль Қуанышқызы жүргізді. Семинар барысында түрлі тақырыптар қозғалып, сарапшы маман әзірлеген видеоролик пен презентация назарға ұсынылды.

Жалпы, қорытындылап айтсақ семинар жоспарланған күн тәртібі бойынша атқарылып, сәтті аяқталды. Білімді мамандардың айтқан сөздері мен пікірлерін ұйып тыңдаған қала тұрғындары бұл жиыннан терең мағыналы ой түйгені сөзсіз.

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Бөлісу: