Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

30 мамыр 2017

39

Жаңалықтар

Алматыдағы ПИР шұжығы мен АСАТУ кондитерлік өнімі кезекті тексерістен өтті

Алматы қаласындағы «ПИР» кәсіпорынының шұжық өнімдері мен кондитерлік өнім өндіретін «Асату» кәсіпорыны кезекті тексерістен өтті. Тексерісті ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы жүргізді. Бақылау барысында аталмыш кәсіпорындардың өнімдері, қоймалары, шұжық өнімдерінің жапсырмалары және тазалығы назарға алынды. Нәтижесінде «ПИР» және «Асату» кәсіпорындарының өнімдері мен қызметтері «Халал» стандарттың талаптарына сай орындалып жатқандығы хабарланды. Кәсіпорынмен байланысу үшін сілтемені басыңыз! "ПИР" шұжығы;  "Асату" кондитерлік өнімі.

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Бөлісу: