DOSFOOD Express пицца, суши-бар өнімдері тексерілді
Алматы қаласында орналасқан DOSFOOD Express пицца, суши-бар өнімдері тексеріліп, "Халал" сертификатқа ие болды. Тексеріс жұмыстарын ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Алматы облысы бойынша жауапты Халал өкілі Жұмабеков Жанәбіл және "Халал Даму" ЖШС-ның сарапшы маманы Айжан Омарова жүргізді. Аталмыш мейрамхана өнімдері, тағамдық қоспалары арнайы зертханадан өткізіліп, тексерістің оң нәтижесі көрсетілді. Енді Алматы тұрғындары халал суши мен пицца, сондай-ақ WOK (қытай лапшасына) қол жеткізе алады. Байланысу үшін сілтемені басыңыз!
ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі