Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 шілде 2017

95

Жаңалықтар

ҚР АШМ ұйымдастыруымен Сауд Арабия мемлекеті өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасына Сауд Арабия патшалығының қоршаған орта, су ресурстары және ауыл шаруашылығы Министрлігінің сарапшыларымен дөңгелек үстел өтті.

Осы іс-шара Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Продкорпорация» ҰК» Экспорттық орталығы АҚ және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылардың ассоциацияссымен бірге, Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен ынтымақтастық шаралары бойынша сыртқы нарықтарға қазақстандық органикалық экспортқа бағдарланған өнімдерді жылжыту мақсатында ұйымдастырылған.

Кездесуде ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы ҚМДБ-ның «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің жұмысын баяндап берді. Болашақта еліміздің азық-түлік өнімдерінің Халал стандарттарға сәйкес болуына өз үлесімізді қосуға ниетті екеніне тоқталды.

Сауд Арабия патшалығының қоршаған орта, су ресурстары және ауыл шаруашылығы Министрлігінің сарапшыларының Қазақстанға келуі өте тиімді әрі стартегиялық маңызды, себебі оның нәтижелері қазақстандық экспорттаушыларға Сауд Арабиясы нарығына шығуға мүмкіндік береді, өз кезегінде, бұл басқа да Парсы шығанағы елдеріне экспорттық әлеуетін кеңейтуге жасауға мүмкіндік береді.

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Бөлісу: