Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

18 шілде 2017

28

Жаңалықтар

Челябинскідегі екі бірдей компания «Халал» сертификатқа ие болды (ФОТО)

Челябинск қаласындағы ООО «Объединение «Союзпищепром» және Челябинск облысы, Варна ауылындағы ООО «Варненский комбинат хлебопродуктов» компаниясы ҚМДБ-ның тексерісінен өтіп, Халал сертификатқа ие болды. Сертификатты ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек арнайы табыстады.

Тексеріс барысында өндірістің барлық технологиялық тізбегі бағаланды: шикізат қабылдау, ұн, макарон өндірісі, өсімдік майы, қаптау, сақтау және т.с.с. Сонымен қатар, компания қызметкерлеріне сарапшы маманның «Халал» турасында дәрісі тындалды. Тексерісті ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның сарапшы-технолог маманы Омарова Айжан жүргізді.

Аталмыш компания «Царь», «Затейница», «Dr.Naturi», «Союзрищепром», «Корона востока» атты сауда белгісімен танылып, өсімдік шикізатынан әзірленген тағам өндірісі және макарон өндірісімен айналысуда.

Сондай-ақ ООО «Объединение «Союзпищепром» өнімдері шетелге (Қытай, Монғолия, Афганистан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қазақстан, ОАЭ, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Турция, Израиль, Украина, Молдова, Германия, АҚШ, Канада, Тәжікстанға) экспортқа шығарылуда.

http://www.varnaspp.ru/

http://spp.ru/

Бөлісу: