«Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» оқу-семинары өз жалғасын табуда
Алматы өңіріндегі «Алель Агро» АҚ құс фабрикасы қасапшыларына кезекті оқу-семинар өтті. Семинарды ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы өткізді. Қасапшылар назарына Халал және Харам тақырыбында түрлі презентациялар мен видеороликтер көрсетіліп, “Мал бауыздау және ет өңдеу саласындағы” Халал стандарт бойынша ҚМДБ өкілінің дәрісі тыңдалды.
ҚМДБ тарапынан қасапшыларға алғыс айтылып, «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты оқу–семинарын тәмәмдағандығын растайтын сертификат табысталды. Қасапшыларға малды бауыздау рәсімінің шариғатымызда алатын орны жайында, бұл істің қазіргі таңда аса маңызды, әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін халық үшін жасалатын игі қызмет екендігі атап өтілді.
Бүгінгі таңда тәулігіне 85-90 мың тауықты бауыздау барысында 19 қасапшы қызмет атқарады.
ҚМДБ “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі