Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 тамыз 2017

282

Жаңалықтар

Санкт – Петербургтегі «Heinz» компаниясы сертификаттаудан өтті

Санкт – Петербург қаласында орналасқан «Петербургская продовольственная корпорация» ЖШҚ компаниясына ҚМДБ-ның Халал стандарты енгізілді. Сонымен қатар, аталмыш компания өнімдері арнайы зертханалық тексерістен өтті. Тексеріс нәтижесі оңынан болып, мекеме Халал сертификатқа ие болды. 

Сертификаттау рәсіміне ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы және Алматы қаласы өкілінің орынбасары Хонан Айдир қатысты.

Соус өндіретін Heinz компаниясы әлемде «HEINZ», «HEINZ BABY», «МОЯ СЕМЬЯ», «ПИКАДОР», «ДЕРЕВЕНСКОЕ», «LEA & PERRINS», «САМИ С УСАМИ», «УМНИЦА» атымен танылып, өнімдері 200-ден астам елге таралуда. Компаниямен байланысу үшін сілтемені басыңыз!

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Бөлісу: