Осы орайда ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Халал – халық таңдауы» атты семинар өтті.
Семинарда халал тағамның пайдасы мен харам ас жеудің зияндылығы, сақтану жолдары турасында насихат айтылды.
Семинарға қала кәсіпкерлері мен мешіт жамағаттары қатысты. Кәсіпкерлерге халал сертификатын алу жолдары түсіндіріліп, тағамдары үнемі тексеруде болатындығы да ескертілді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі