Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 қыркүйек 2017

24

Жаңалықтар

«Алатау-құс» АҚ қасапханасы кезекті тексерістен өтті

Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылында орналасқан «Алатау-құс» АҚ кезекті  тексерістен өтті. Қасапхананың жағдайын ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС-ның Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанабіл Жұмабеков көріп қайтты.

Айта кетсек, «Алатау-құс» АҚ қасапханасы 2016 жылы тамыз айының 11 жұлдызынан бастап ҚМДБ-ның бақылауында тұр. Бақылау барысында қасапхананың қызметі, сапасы, тазалығы назарға алынып, "Халал Даму" ЖШС-ның "Мал бауыздау және ет өңдеу" Халал стандарты бойынша тексерілді.

Бүгінде бұл компанияда мыңға жуық адам жұмыс істейді. Нарыққа күнделікті 25-30 мың тауықты сойып, тазалап, дайындайды. 2016 жылы бір күнде өндірілетін құс етінің саны 54 306 келіге жеткен. Кәсіпорынмен байланысу үшін сілтемені басыңыз!

ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі

 

Бөлісу: