Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 қыркүйек 2017

61

Жаңалықтар

Білім жетілдіру Ислам институтында кезекті оқыту бағдарламасы басталды

Қыркүйек - қараша айлар арасында Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институты кезекті оқыту бағдарламасын бастап жіберді. Институт Республика аясында мешіттерде қызмет ететін имамдардың білімін жетілдіруде үлкен қызмет атқаруда. Оқу бағдарламасы бойынша Халал өнімдерін стандарттау пәні 16 сағат оқытылады. Аталмыш пәннен "Халал Даму" ЖШс-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы 2 ай бойы имамдарға дәріс оқуға бекітілген. 

Елімізде дін саласында қызмет атқарып жатқан имам-молдаларымызға халал индустрия бағытымен танысып, оны да жетік меңгеру өте маңызды. Себебі, қазіргі таңда халал өнімдер төңірегінде туындап жатқан көптеген түйіткіл мәселелер имамдардың бұл салада біліктілігін талап етеді.

ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі

Бөлісу: