Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 қазан 2017

86

Жаңалықтар

Сыр елінде екі бірдей кәсіпорын Халал сертификатын алды

Сыр еліндегі "Абай Даулет" ЖШС-ның  "Сыр дәні" өнімі және "ФАТИМА" ЖК ет дүкені ҚМДБ-ның  Халал сертификатына ие болды. Кәсіпкерлерді марапаттау рәсімін Қызылорда облыстық орталық “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің бас имамы Талғат Сейткәрімұлы арнайы өткізді.

Аталмыш кәсіпорынның "Сыр дәні" өнімі арнайы зертханаға жіберіліп, тексерістің оң нәтижесі көрсетілді. Сондай ақ, "ФАТИМА" ЖК ет дүкені өнімдері мен қасапханасы  - 1:2016 “Мал бауыздау және ет өңдеу” және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға  қойылатын жалпы талаптар стандартына сай жұмыс жүргізуінің нәтижесінде ҚМДБ-ның сертификатына ие болды.

Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне "Халал және Харам" турасында арнайы оқу-семинар өткізілді. Семинарға Қызылорда қаласы орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің найб имамы Бақыт Ұлжаев, ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС-ның Қызылорда өңірі бойынша жауапты өкілі Перизат Жандылдақызы және "Абай Даулет" ЖШС қызметкерлері қатысты.

ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі

Бөлісу: