Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 қазан 2017

25

Жаңалықтар

Халал стандарттау мәселесі бойынша Ташкентте кездесу өтті

ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС директоры Бейбіт Мырзагелдиев Ташкент қаласына жасаған ресми іс-сапарында Өзбекстан мұсылмандары басқармасы Пәтуа бөлімінің басшысы Ишматбеков Хомитжон мырзамен кездесті.  Кездесу барысында Қазақстандағы халал индустрияның жағдайы, Діни басқарманың атқарып жатқан жұмыстары жайында сөз болды. Жүздесуде өзара екі жақты тәжірибе алмасу және ынтымақтастық негізінде бірлесіп жұмыс жасау туралы келісім жасалды.

Сапар барысында «УЗСТАНДАРТ» агенттігінің ғимаратында Мемлекеттік қадағалауды стандарттау және үйлестіру бөлімінің бастығы Мухитдинов Аббос, Бас метролог Абдукаюмов Абдурауф, қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы Тураходжаев Мухтор және тағы бірнеше мамандардың қатысуымен жиын өтті. Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал стандарттау бойынша атқарып жатқан жұмыстары таныстырылып, презентациялар ұсынылды. Қатысушылар халал стандарттау мәселелерін ортаға салып, өзара пікір алмасты.

Бөлісу: