«Qulpinay bakery» кондитерлік наубайхана Халал сертификатқа ие болды
Алматы өңірінде «Ай-Ханым» ЖК-ның «Qulpinay bakery» атты кондитерлік наубайханасы ҚМДБ-ның Халал сертификатына ие болды. Кәсіпкерді марапаттау рәсімін ҚМДБ-ның іс басқарушысы Ербосын Бектұрсынұлы арнайы өткізді.
Аталмыш кондитерлік наубайхананың өнімдері мен тағамды қоспалары толығымен ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 “ХАЛАЛ” өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар” стандарты бойынша тексерілді. Тексеру жұмыстарын ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның сарапшы маманы Алмагуль Қуанышқызы жүргізді.
«Qulpinay bakery» кондитерлік наубайханасымен байланысу!
ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі