"Алатау-құс" құс фабрикасының шұжығы Халал сертификаттаудан өтті
Алматы қаласында «Алатау-құс» АҚ-ның құс фабрикасы шұжығы ҚМДБ-ның тексерісінен өтіп, "Халал" сертификатқа ие болды. Сертификатты ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы арнайы табыстады.
Аталмыш кәсіпорын қызметі мен шұжық өнімдері толығымен ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның 1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу» стандарты және 3:2016 “Халал” өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар” стандарты бойынша тексерілді.
Бүгінде бұл компанияда мыңға жуық адам жұмыс істейді. Нарыққа күнделікті 25-30 мың тауықты сойып, тазалап, дайындайды.
2010 жылы желтоқсан айында құрылған "Алатау-құс" шұжық цехы қазіргі уақытта 18 түрлі шұжық өнімдерін өндіруді қолға алып отыр. Толық ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз!
ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі