Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 желтоқсан 2017

29

Жаңалықтар

Үш бірдей кәсіпорын халал сертификатын алды.

Әлемде халал өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Оны ғаламның 122 мемлекетінде өмір сүретін 1,5 миллиард мұсылман тұтынады.

Бүгін Тараз шаһарында орналасқан ИП "НС", «Табуров А.Т.» ЖК бөнеде жұмыртқасын шығаратын және «Куандыкова» ЖК «Халал-ет» дүкені өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын талаптарға сай деп танылып, ҚМДБ «Халал Даму» сертификатымен марапатталды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі Данияр қажы Жұмабаев пен ҚМДБ халал стандарт бөлімінің Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов кәсіпорындарға арнайы барып, жұмыс ахуалымен танысып қайтты.

Алла тағала Құран Кәрімде: «Әй, иман келтіргендер, ризықтандырғанымыздың жақсысын жеңдер» («Бақара» сүресі, 172-аят) деген. Жаратқанның бұйрығына амал етуші осындай кәсіпорындар саны арта түссін дейміз.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

Бөлісу: