"ТАНДЕМ" ШҰЖЫҚ ЦЕХЫНА "ХАЛАЛ" СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ҚМДБ-ның «Халал даму» қызметінің тағам әзірлеу қызметтері мен өнімдердің халал стандартқа сай болуын жіті қадағалау бойынша Ақтөбе өңіріндегі жұмысы да жүйелі жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда облыста халал сертификатын иеленген 4 кәсіпорын бар. Олар:
1. «Актюбинский мясной кластер» ЖШС
2. «Жазық Групп» ЖШС
3. «Жастық Нан» ЖШС
4. «Тандем W» ЖШС
Кеше «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде өткен жұма намазында «Тандем» ЖШС-нің басшысы Өтеміс Кокчаевқа «Халал» сертификаты салтанатты түрде табысталды. Мешіттің наиб имамы Асылхан Темірханов жамағатқа серіктестік басшысын таныстырып, олардың істеріне берекет тіледі. Серіктестік мал бауыздау және ет өңдеумен айналысады, үш түрлі шұжық өнімдерін шығарады.
Облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі