Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 наурыз 2018

25

Жаңалықтар

МЕШІТ ИМАМДАРЫ ХАЛАЛ, ХАРАМ ТУРАСЫНДА ДӘРІС ТЫҢДАДЫ

2018 жылы наурыз айының 12-сі күні Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты мешіт имамдарына ҚМДБ "Халал стандарттау" бөлімінің маманы Елжанов Ануар мырза арнайы келіп, халал өнімдері және тағамдық қоспалар турасында семинар өткізді. Семинар барысында имам-молдалар көкейде жүрген көптеген сауалдарын қойып, маманнан нақты жауаптарын алды. Сондай-ақ  семинарда осы уақытқа дейін ҚМДБ тарапынан Халал сертификаты берілген кәсіпорындар жайлы да ауқымды ақпарат айтылып өтті. Дін қызметкерлеріне жалпы халал ұғымы турасында мол мағлұмат берілген аталмыш семинарда «күмәнді және зиянды қоспалардың айырмашылығы қандай», «халал деген ұғымды алу үшін қандай шарттарды орындау керек» деген секілді көптеген сұрақтарға маман тарапынан нақты жауаптар берілді. Шариғат бойынша халал астың, жалпы халал түсінігін білгенімізбен, қазіргі қолданыстағы қандай өнімдердің халал екендігін толық білу қиындық туғызатын. Бүгінгі дәрісте бұл мәселе жан-жақты түсіндірілді. Халал стандарттау саласы бойынша туындаған сұрақтарға жауап бере алатындай бір пайдалы дәріс болды. Дәрісті аудан бойынша білімін жетілдірмекке келген 40-тан аса имамдар тыңдады. Сонымен қатар Халал стандарт бөлімінің өкілі аталған бөлімнің тыныс-тіршілігі, бағыт-бағдары жөнінде мағлұмат берді.

Бөлісу: