ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ «ХАЛАЛ СТАНДАРТТАУ БӨЛІМІ» МАМАНЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО
Наурыз айының 15 күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты ҚМДБ «Халал даму» ЖШС-ның бас сарапшысы Алмагүл Қуанышқызымен кездесу өткізіп, халал астың маңыздылығы жайындағы қажетті ақпаратқа толы уағызбен сусындады. ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің маманы мешіт жамағатына халал мен харам астың аражігін ажырата түсіндіріп, шариғат бойынша мал союдың шарттарына тоқталды.
«Халал ас – салауатты ұрпақ кепілі» деген тақырып аясында өрбіген баяндамасында Алмагүл Әбілдинова халал астың маңыздылығын атап көрсетіп, салауатты ұрпақ қалыптастырудағы рөлін жеткізді. Сондай-ақ, осы бағытта бүгінгі таңда іргелі істер атқарып жатқан ҚМДБ Халал өнімін стандарттау бөлімінің және Halaldamu.kz cайтының жұмыстарымен таныстырып өтті.
Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тұщымды сұхбаттасу болды.