БҚО: «ТӘТТІ» ЛАҒМАНХАНАСЫНА ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында орналасқан «Қарақұл» ЖК «Тәтті» лағманханасына ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің сертификаты берілді.
Облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов жамағат алдында «Тәтті» лағманханасының жетекшісі Ораз Жарқынға сертификатты табыстады.
ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің облыс бойынша өкілі Асхат Асылбекұлы асхананың қазіргі заман талабына сай, тағамының сапасы жоғары және халал екендігін айтты.