Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 сәуір 2018

67

Жаңалықтар

Тараз қаласы тағы бір халал өніммен толықты

Қазіргі таңда азық-түлік өнімдерді және қызмет түрлерін халал сертификаттау әлем бойынша өрісін кең жайып отыр. Отандық өнімдерді сұрыптап, отандастырымызды және жалпы мұсылман қауымын шариғат талаптарына сай сапалы, сенімді өнімдермен қамтамасыз ету заман талабына айналды. Осыған байланысты елімізде халал өнімдер саны күн сайын артып келеді.    

Тараз қаласында орналасқан «Шамахсутов Ш.Ш.» ЖШС шұжық цехына ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС-ның сертификаты берілді.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі Данияр қажы Жұмабаев және ҚМДБ халал стандарт бөлімінің Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов кәсіпорынға арнайы барып, жұмыс ахуалымен танысып қайтты. 

Аталмыш кәсіпорын қызметі мен шұжық өнімдері толығымен ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның «Мал бауыздау және ет өңдеу» стандарты және «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптар стандарты бойынша тексерілді. Нәтижесінде кәсіпорынның өнімдері мен қызметтері шариғат талаптарға сай деп танылып, өкіл имам Данияр Жұмабаев ҚМДБ-ның «Халал Даму» сертификатын кәсіпорын басшысына арнайы табыс етті. 

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: