Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 сәуір 2018

22

Жаңалықтар

Алматы облысы бойынша бақылаушылар бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласында орналасқан ғимаратында бір күндік Халал стандарты бойынша семинар өтті.  Күн санап елімізде Халал кәсіп ашуға ниет білдірушілердің саны артуда. Тұтынушылар тарапынан да  Халал өнімге деген сұраныстың  көбеюі қуантарлық жағдай.  Сан емес сапаға жұмыс істеп отырған ҚМДБ-ның Халал сертификатын бүгінгі таңда 160-тан астам кәсіпкерлер иеленіп отыр. Халық сенім артып отырған сертификатқа селкеу түсірмеу мақсатында Алматы облысының 8 ауданымен қоса Қапшағай қаласына бақылаушы бекіту әуелден ойластырылған болатын. Облыс иамымы Наржанов Қуаныш қажының ұсынысмен аталмыш қала мен аудан орталықтарына бақылаушы тұлғалар  бекітілді. Сонымен қатар аталмыш семинарға Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы бойынша тағайындалған жаңа өкілдер де қатысып білімдерін шыңдады. Бір күнге жоспарланған семинарды "Халал Даму" ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы мен Бас сарапшы Алмагүл Қуанышқызы дәріс оқыды.

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімі

 

Бөлісу: