Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 сәуір 2018

22

Жаңалықтар

Қостанайда «Халал» куәлігі табысталды

Қостанайда бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы «Қостанай Агро Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «ҚМДБ Халал» куәлігін табыс етті.

Кәсіпорын ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның «Мал бауыздау және ет өңдеу» стандарты және «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптар стандарты бойынша тексеріліп, шығаратын өнімдері мен қызметтері шариғат талаптарына сай деп танылды. 

Бұл жай Қостанайда ең алғаш жүзеге асырылып отыр. Аталмыш кәсіпорынның негізгі қызметі өзіміздің күнделікті тұтынып жүрген төрт түлік малдың етін өңдеп сату.

Бұл орайда малды соятын қасапшы да осы стандартқа сай болуы тиіс. Аталмыш кәсіпорынның бас қасапшысы Турикпенов Ерғазы Жұмабайұлына да арнайы рұхсатнама мен мөр тапсырылды. Себебі, ол малды шариғат талабына сай өңдейтінін іс жүзінде дәлелдеген.

Жалпы, мұсылман қауымын шариғат талаптарына сәйкес сапалы, сенімді өнімдермен қамтамасыз ету заман талабы. Бір қуантарлығы, еліміздің барлық аймақтарында халал өнімдер саны күн санап артып келеді.

 ҚМДБ-ның  Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

Бөлісу: