Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 сәуір 2018

25

Жаңалықтар

МАҢҒЫСТАУ: Қасапшыларға сертификат табыс етілді

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілі Мұрат Тәңірбергенов сертификат берілген мекемелерді қайта тексеруден өткізді. Сонымен қатар, адал жолмен мал сойып жүрген "БЕРЕКЕ" мал сою цехының  қасапшылары мен «Құрық строй сервис» ЖШС-ның қасапшыларына арнайы семинар ұйымдастырып, шариғат талаптарын түсіндірді. Өз салаларында білімдерін жетілдірген қасапшыларға сертификаттар табыс етілді.

Аталмыш семинарға «АҚТАУ» қайырымдылық жеке мекемесінің директор орынбасары Қасымов Бердімұрат және Облыстық орталық мешітінің ұстазы Садырбаев Марат арнайы қатысып, мал союдың талаптарымен шарттарына тоқталып, маңызды мәселелерді түсіндіріп өтті.

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі 

 

Бөлісу: