АЛМАТЫ: ШАҺАР БАС ИМАМЫ ХАЛАЛҒА ЖАУАПТЫ ӨКІЛДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Алматы қаласына жуырда тағайындалған "Халал Даму" ЖШС-ның Алматы қаласы бойынша тағайындалған Чадаев Маратхан мен шаһар бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлымен дөңгелек үстел өтті. Халал сертификатын иеленген кәсіпкерлердің отыз пайызы Алматы қаласының үлесіне тиесілі. ҚМДБ Халал сертификатын алған мекемелер саны 160 тан асып жығылды. Кездесуге "Халал Даму" ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы арнайы қатысып 2018 жылдың жоспарын баяндай келе қала байынша әр ауданға бекітілген бақылаушыларға тиісті орындарды дер кезінде бақылап отырудың маңыздылығын тілге тиек етті. Алматы қаласын бақылауға бөлім атынан ай сайын 100 литр жанар жағармай талоны берілуде.
ҚМДБ Халал стандарттау бөлімі