Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 сәуір 2018

34

Жаңалықтар

«Қарасай – Ет» және «БН ОРДА» мекемелері Халал сертификатына ие болды.

Дүкенге немесе сауда орындарына бара қалсаңыз ет және шұжық өнімдері қатарында тұрған шұжықтарға көзіңіз түспеуі мүмкін емес. Түрлі түсті атаулармен қатар Халал таңбасы басылған шұжықтар самсап тұр. Ал енді сапасы халал талаптарына жауап бере алады ма жоқпа ол жағы тұтынушыға беймәлім. Осы орайды Алматы облысында орналасқан «ҚАРАСАЙ-ЕТ» және «БН-ОРДА» ЖШС бірігіп отырып шұжық және ет өнімдерін өндіруді жолға қойған. Қос мекеме тарапынан түскен өтінішке орай екі ай бойы мұқият тексерістен өткізіп, зертхана қорытындысы оң бағасын бергеннен соң Халал сертификаты тапсырылды. Аталмыш қос мекеме шұжық өнімдерінің көптеген түрлерін өндірумен қатар ет өнімдерін нарыққа шығаруда. Кәсіпорынмен байланысу үшін сілтемені басыңыз!

ҚМДБ Халал стандарттау бөлімі

   

Бөлісу: