Кездесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі Данияр қажы Жұмабаев, ҚМДБ халал стандарт бөлімінің Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов және кәсіпкер азаматтар қатысты.
Бас имам Данияр қажы Жұмабаев жүргізген презентацияда Бейбіт Әліпбекұлы облыстағы 15 кәсіпорын басшыларына халал өнімдердің маңыздығы турасында баяндама оқыды, осы тақырыпқа қатысты слайд көрсетілді.
ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның «Мал бауыздау және ет өңдеу» стандарты және «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты бойынша:
- 19 түрлі шұжық өнімдерін шығаратын «Рыжибаев» ЖК;
- 41 түрлі ет және шұжық өнімдерін шығаратын «Сарыбас» ЖК;
- 106 түрлі шұжық өнімдерін шығаратын «Иштаев А.А.» ЖК;
- 47 түрлі ет, шұжық және мұздатылған жартылай фабрикат өнімдерін шығаратын «Кыдырбаева» ЖК;
- 7 түрлі шұжық өнімдерін шығаратын «Каракесеков К.Е.» ЖК;
- 10 түрлі шұжық өнімдерін шығаратын «Касымов» ЖШС
кәсіпорындарының өнімдері мен қызметтері шариғат талаптарға сай деп танылып, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Халал сертификаты берілді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі