Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 мамыр 2018

27

Жаңалықтар

«Халал – тіршілік һәм құлшылық өзегі» атты семинар өтті

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) қарасты «Халал Даму» ЖШС мен ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Нұр Астана» орталық мешітінде адал өндіріспен айналысатын кәсіпкерлерге арналған «Халал – тіршілік һәм құлшылық өзегі» атты семинар өтті.

Семинарға ҚМДБ-ның Халал стандарттау бөлімінің меңгерушісі, «Халал даму» ЖШС-ның директоры Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар қажы Мұқанов, Халал стандарттау бөлімінің Астана қаласы бойынша өкілі, «Әл-Ғани» мешітінің Бас имамы Бағдат Абдукаримов және ҚМДБ «Халал даму» ЖШС-ның бас эксперті Алмагүл Қуанышқызы қатысты.

Бейбіт Мырзагелдиев өзі басқарып отырған Халал стандарттау бөлімнің атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктерін баяндап өтті. Сонымен қатар, адал өндірістің қоғамға тигізер пайдасы жайында маңызды мағлұмат берді.

«Біздің «Халал даму» ЖШС-ның жұмысы жанданып келеді. 14 облыс пен 3 өңірде Халал стандарттау бөлімінің өкілдігі ашылған. Бүгінгі таңда біздің жұмысымыз республикалық масштабта ғана емес, халықаралық масштабта да өз өрісін кеңейтуде. Бөлім қызметкерлері де халал стандарттау бойынша заманауи технологияларды меңгеру бойынша өз білімдерін жетілдіріп отырады» деді Б.Мырзагелдиев.

Сөз кезегін алған ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі Асқар қажы Әбітайұлы кәсіпорын өкілдеріне семинар қатысушыларына адал өнімнің адам өміріне әсері жайында тоқталып, адал өндірістің де өзіндік жауапкершілігі бар екенін еске салды.

«Бүгінде халықтың халал асқа деген сұранысы жоғары. Тіпті, халық жиналған үлкен орталардың өзінде адал өнімдердің қайда сатылатыны туралы жиі сұрақтар түсіп жатады. Рамазан айына байланысты мұндай сұраныстар тіпті де арта түсуде. Сондықтан, сіздердің жасап жатқан кәсіптеріңізді уақытылы жасалып отырған халықтың сұранысына жауап деуге болады. Халал астың маңызын баршаңыз білесіздер. Бұл туралы аяттар мен хадистер де бар. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау болуы, ұрпақтарымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына байланысты»,-деді А. Әбітайұлы.

Семинар аясында бірқатар кәсіпорындарға халал сетификаты табыс етілді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызмет

           

Бөлісу: