Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

18 маусым 2018

51

Жаңалықтар

«Халал Даму» өкілі эксперттік сессияға қатысты

  ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның бас эксперт-технологы Абильдинова Алмагүл Қуанышқызы маусым айының 14-16 аралығында Томск облысының агроөндірістік саясаты және табиғатты пайдалану жөніндегі губернаторы орынбасарының шақыртуымен «Томск облысының қайта қалпына келетін табиғи ресурстарының өндірістік-инновациялық кластері» тақырыбында өткен эксперттік технологиялық сессияға қатысты.   Соңғы жылдары Томск облысында жабайы өсетін азық-түлік шикізаттарын өңдеу және дайындау бойынша бірегей тағам өнеркәсібі кешені құрылған. Жыл сайын өнеркәсіптреде 10.000 тоннаға жуық табиғи шикізат қайта өңдеуге жіберіледі. Оның ішінде: 3.000 тонна саңырауқұлақ, 4.000 тонна орман жемістері, 5.000 тонна кедр жаңғағы, 1.000 тоннаға жуық емдік-дәрілік өсімдіктер, 80.00 тонна ауыр қоспалармен дайындалатын  Иван шәйі өңдеуден өтеді.   Қайта қалыпына келетін табиғи ресурстарды өндіріс барысында пайдаланатын кәсіпорындарға арнап өткізілген эксперттік сессияға  Ресей аумағынан эксперттер, мемлекеттік билік органдарының өкілдері, Томск облысы кәсіпорындарының басшылары, муниципалитет әкімшіліктерінің өкілдері, ғылым-білім кешенінің өкілдері жалпы саны 221 спикер қатысты. Бас эсперт-технологмыз «Халал сертификаттау – әлемдік халал индустрияға шығудың үлкен мүмкіндігі» тақырыбында баяндама оқыды.   Жер бетіндегі 1.8млрд. мұсылманның тұтынушылық сұранысының артуымен халал нарығы қарқынды түрде дамуда. Бұл әлемдік тағам өнімдері саудасының 5/1 бөлігі, 2030 жылға дейін әр жыл сайын 14% өседі деп күтілуде. Жылдық тұтынуы 200 млрд АҚШ долларынан асып түседі.Түркия (175 млрд АҚШ доллары), Пәкістан (120 млрд АҚШ доллары), Иран(100 млрд Ақш доллары).   2016 жылы нарықтың бұл сегменті 2,2 трлн  АҚШ долларын құраса, 2019 жылға қарай 2,5 трлн АҚШ долларын құрайды деп күтілуде. Басқа нарықтармен, атап айтқанда, Қытай және АҚШ нарығымен салыстырғанда Халал нарығы жер бетінің алпауыт нарығы болып саналады.   2030 жылға қарай бұл нарық 9 есе өсіп, мұсылмандар саны 2,4 млрд адамды құрап, бүгінгі күнмен салыстырғанда 30% өседі деп күтілуде.   Коммерциялық тұрғыдан қарағанда, халал  нарығы жаңа горизонттарды ашты. Расымен де, көптеген ұлттық нарықтар шегіне жеткеннен кейін халал принциптер мен құндылықтарға негізделген нарықтың келуімен жаңа нарықтық модель құрылды. Бұл тағам өнімдері, сусындар, фармацевтика, косметика және басқа өндіріс түрлерінің дамуымен тікелей байланысты. Соңғы жиырма жылдықта халал өнімдер мұсылман тұтынушыларға арналған кедей нарықтан әлемдік нарыққа дейін өсті Тамақ өндірісінде мал мен құсты союда халал термині қолданылады. Бірақ, қазіргі таңда аталған термин сүт өнімдері, нан өнімдері, кондитерлік өнімдер, шырынды сусындар, жартылай дайын өнімдерге қатысты да қолданылады. Халал приципі өндіріс орнынан бастап, сақталу талаптары, тасымалдау және материалды-техникалық жабдықтауда да халал өнімдерінің барлық этаптарында қолданылады. Жас әрі әрдайым даму үстіндегі халал нарығы географиялық, мәдени, тіпті, діни шекараларды кесіп өтіп жатыр.Тағам өндірісі, косметика, киім, дәрі-дәрмек, үй жабдықтары, қызмет көрсету (логистика, қонақ үй, туризм т.б) сияқты көптеген салалар халал стандарттауға алаңдаушылық танытып отыр.   Ислам экономикасы әлемдік тенденциялармен сипатталады:

  1. мұсылман халқының жас әрі тез қарқынмен өсуі;
  2. мұсылман елдерінің экономикалық өсуінің жоғарғы қарқыны;
  3. бұл елдердің өмір салтының және коммерциялық тәжірибелерінің жақсаруы;
  4. ИЫҰ мүше елдердің экономикасының дамуы және халал нарығының дамуы;
  5. әлемдік трансұлттық корпорациялардың қатысуы: тамақ өнімдерінің әлемдік ең жақсы брендтері, қаржы саласы, сән, туризм, фармацевтика және косметика өндірісі халал аймағына қатысып қана қоймай, олардың R&D маркетингтік мүмкіндіктерін ескере отырып, өнімдер мен қызмет салаларына инновация енгізуге көмектесуде;
  6. дамыған елдер әлеуеті жоғары дамушы нарық іздейді;
  7. тамақтану, қаржы, білім, қоршаған орта саласында этникалық кәсіпкерліктің өсуі;
  8. ақпарат технологияларының дамуы.
  Халал нарығының дамуы бұл өнімдерді мұсылман емес тұтынушылардың сұранысының, урбандалу процесінің артуымен  және соңғы жылдары сауданың дамуымен байланысты.   Бұрын халал өнімдер нарығы жоспарланып, жүйеленбеген болса, бүгінгі күні сауда келісімдерінің жан-жақты таралуымен біраз ретке келіп, халал өнімдердің ағынын тездетті. Халал нарығының дамуымен көптеген компаниялар перспективті халал саудаға қызығушылық танытты. Қазіргі таңда, алпауыт брендтер халал өнімдерді өндіру және таратуға қызығушылық танытуда.   Халал сертификаттауға жауапты көптеген мекемелер өз құрамына мемлекеттік немесе жеке меншік ұйымдарды, мешіттерді қосады.Бірақ, кейбір өндірушілер ресми мекемелерге бағынбай, өнімдеріне «Halal» белгісін таңбалап жүр. «Халал» таңбасы белгіленсе де, бірақ өнімнің халалдығы күмән тудыртын түйткілді мәселелер мұсылман тұтынушыларды алаңдатты.   Әрбір сертификаттау мекемесінің сертификаттауға қоятын өзінің жекелеген талаптары бар. Дегенмен де, барлық өнімдерің төмендегі көрсетілген жалпы талаптарға сәйкестігі тексеріледі:
  • Шикізат, өңдеуге арналған ингредиенттер, гигиеналық өнімдер, өнім қаптамасы ислам талаптарына сай келеді. Спирт пен шошқа өнімдері қолданылмайды.
  • Иістендіргіш игредиенттер және еріткіштер халал негіздерден жасалынуы керек. М/сы: этил спиртінсіз.
  • Ет өнімдері малды шариғатқа сай бауыздау арқылы алынуы керек.
  Өндірушілер өз өнімдерінің жарнасын төлеп, ерікті түрде сертификаттауға ұсынады. Тәуелсіз мекемелер өнімдерді таңдауға, өндіріс барысын қадағалауға, тағам өнімдерінде ислами талаптарды қадағалауы тиіс.   2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі ашылып, халал өнімдерді ретке келтіру қолға алынды. Уақыт өтек келе, 2016 жылдың 22 ақпанында отандық және шетелдік компаниялардың халал өнімдерін стандарттау және сертификаттаумен айналысатын «Халал Даму» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан ашылған «Халал Даму» ЖШС жұмысы бас аяғы үш жыл ішінде ерекше көзге түсіп отыр. 178 мекемеге сертификат беріп қана қоймай, бақылауды да назардан тыс қалдырған емес. Олардың қатарында: құс фабрикасы, шұжық кәсіпорындары, емдік-профилактикалық өнімдер, ет фабрикалары, косметика және т.б. өндіріс орындары мен қоғамдық тамақтану (кафе, асхана, мейрамхана) орындары бар. Қасапшыларға арнайы халал әдебіне сай малды бауыздау бойынша «Қасапшылық – сауапты, Һәм жауапты іс» атты оқу бағдарламасы өз жалғасын табуда. Бұл бағдарламаның даму нәтижесінде елімізде халал ет мәселесінің шешілуі көзделуде. Оқу семинарына қатысып, сынақтан өткен қасапшыларға сертификат пен жеке бас мөрі табысталуда. Қазіргі таңда еліміз бойынша бойынша бұл бағдарламаға 718 қасапшы қатысқан. Оның ішінде 213 қасапшы арнайы емтихан тапсырып, жеке бас мөр, куәлік және сертификатқа ие болды.   Қазіргі уақытта тағамның құрамына түрлі белгісіз қоспалардың араласуына орай шетелдік және отандық өнімдердің құрамын анықтау үшін заманауи лабораторияның көмегі қажет. Қазіргі таңда, «Халал Даму» ЖШС Алматы қаласында орналасқан «TreeGene» молекулалық-генетикалық зертханасы мен «КазНИВИ» Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты зертханасымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілуде. Зертхана техника жағынан соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған және білікті, білімді мамандарды қамтиды. Қазіргі таңда Астанада орналасқан АО «НАЦЭКС» және Республикалық Ветеринариялық зертханасымен келіссөз жүргізілуде. Шетелдік «Халал стандарттау» ұйымдарымен өзара меморандумға отыру өз жалғасын табуда. 2017 жылдың қазан айында «Халал Даму» ЖШС және Халықаралық халал стандарттау және сертификаттау орталығы «Совет муфтиев России» ұйымы арасында меморандум жасалды. 2017 жылдың наурыз айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Халал Хаб құру жолында  алғашқы қадам жасап, Сингапурдың «Halal Quality Centre» ұйымымен өзара меморандумға қол қойды. 2016 жылы 20 мамырда Татарстан Республикасының діни басқармасымен орталықтандырылған «Халал стандарттау» комитеті мен «Халал Даму» ЖШС арасында меморандум жасалды.   Биылғы 2018 жылы өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы аясында Литва және Беларусия елімен халал стандарттау және сертификаттау саласы бойынша ынтымақтастықты нығайту және  өзара мойындау туралы екіжақты меморандумға қол қойылды. 2018 жылы 26 сәуір күні Ресей Федерациясы,  Мәскеу қаласында Russian Halal Expo көрмесі өтті. Халықаралық Халал конгресс аясында ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС директоры және (SMIIC) мұсылман елдердің стандарттау және метрология институтының бас хатшысы арасында кездесу өтті. Кездесу барысында SMIIC ұйымы Косметика саласы бойынша 4-ші стандартының дайындалғандығы атап өтті және осы стандартты қолдануға «Халал Даму» ЖШС ресми түрде рұқсат алды. 2016-жылдың мамыр айының 4-күні Түркияның OIS/SMIIC халал сертификаттау ұйымы өздерінің 3 стандарттарын Қазақстанда қолдануға және енгізуге «Халал Даму» ЖШС-ге рұқсатын берген болатын. Сонымен қатар, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС, Ұлттық Аккредиттеу Орталығы (ҰАО) және Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасу жұмыстары жүргізілуде.   Біздің эксперт мамандарымызбен «Халал Даму» ЖШС-ның  3 стандарты жасалған болатын: -    1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу» Халал стандарты; -    2:2016 «Тағамға қатысты қызметтер» Халал стандарты; -    3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты.   Бұл стандарттар халықаралық стандарттармен үйлесе отырып, өндіріс орындарын стандарттауға, дамуына, сауда нарығында стандартқа сай техникалық кедергілерді жоюына, тұтынушылар мүдделерінің қорғалуына ықпал жасайды деп көзделген.

Бөлісу: