Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 шілде 2012

1111

Жаңалықтар

Желатинді (Е441) неден жасайды?

     Желатин (Е441) дегеніміз – бұл  тағам өндірісінде, фотоматериал, фармацевтикалық өнімдерде, медицинада, косметикалық өнімдерде қолданылатын байланыстырушы ұлпаның құрамына коллаген ақуызы кіретін малдардың сүйектерін, сіңір, шеміршектерін суда қайнату арқылы түзілетін жануар текті ақуызды заттар, тұтқыр, мөлдір (желе массалы), түссіз, иіссіз, дәмсіз зат.       Ірі қара малдардың, шошқаның терісінен, сүйек, сіңір, шеміршектерінен алынатын Е441 желатин да тағам өндірісінде, фотоматериал, фармацевтикалық өнімдерде, медицинада, косметикалық өнімдерде кең қолданылуда.       Желатин - аминқышқылдарға және коллагенге бай ақуыз. Сондай-ақ желатинде:

  • Көмірсулар;
  • Майлар және май қышқылдары;
  • Микро және макроэлементтер - темір және кальций, магний және натрий, фосфор және калий;
  • Витамин PP;
  • Толтырғыштар (су, крахмал, күл) бар.
      Желатиннің негізгі қасиеті – сұйықтыққа желе тәрізді күй беру.     Тағамдық желатин тағам өнеркәсібінің әр түрлі саласында қолданылады: -        Кондитерлік өндірісте – желе, әр түрлі кондитерлік өнімдер, мармелад, шайнайтын кәмпиттерде, десертті тағамдарда, крем, торттарда; -        Сүт өнеркәсібінде – балмұздақ, йогурт, десертті ірімшіктер өндірісінде; -        Ет және балық өңдеу өндірісінде – ет және балыққа арналған сорпаларға (заливные), зельцы, ет және балық консервілерінде; -        Сусындар өндірісінде – мөлдірлендіру және тұндыру үшін; -        Косметологияда – протеинді қоспа ретінде тырнақты нығайту үшін, гель, маска және мусс,  шампунь  өндірісінде, майсыз мазьдарда; -        Фармакологияда – капсула, таблетка өнімдерінде.        Статусы: күмәнді.      Желатиннің өсімдік текті баламасы - балдырлардан алынатын, өнімдерге тығыз қою консистенция беретін агар-агар. Оның қоюлату дәрежесі желатиннен кем түспейді.         ҚМДБ Халал Даму мамандары жоғарыда көрсетілген мәліметеррді ұсына отырып: егер желатин шошқадан немесе басқа арам сойылған малдардан алынған жағдайда – харам, ал шариғатта жеуге рұқсат етілген малдардан «халал» стандарт талаптары бойынша сойылып алынса – халал екендігін айтады.

   ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

 

Бөлісу: