Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 шілде 2018

30

Жаңалықтар

Ресейлік «Союзпищепром» холдингі сертификат жаңартты

   Союзпищепром -  1898 жылдан бастап нарыққа макорон, ұн, дайын таңғы ас  өнімдері, дәнді-дақылдар, құс еті, жұмыртқа, сүт өнімдерін шығарумен айналысатын  ресейлік компаниялар бірлестігі. "Союзпищепром" холдингі құрамына:

  1. "Союзпищепром" бірлестігі" ЖШС;
  2. "Варнендік нан өнімдері комбинаты" ЖШС;
  3. "Чебарқұлдық құс" ЖШС;
  4. "Павловтық" Агрофирма ЖШС кіреді.
  Союзпищепром  бірлестігінің "Союзпищепром"  және "Царь"сауда белгісімен танылған макорон, ұн, сұйық май,табиғи май, дайын таңғы ас  өнімдері, дәнді-дақылдар, сүт, балаларға арналған кукуруз таяқшалары өнімдері ҚМДБ Халал Даму ЖШС эксперт мамандарының арнайы бақылауынан өтіп, халал сертификатқа ие болды. Бас эксперт-технологымыз А.Қуанышқызы арнайы Челябинск қаласына барып, қайта сараптама жұмысын жүргізіп,  сертификат табыстады.     Союзпищепром бірлестігінің президенті А.Берестов: «Союзпищепром- барлық отбасына арналаған пайдалы және дәмді өнімдерді дайындаумен айналысатын компаниялар бірлестігі. Тамақ сәнді ғана емес, өмір сапасын төмендетпей керісінше жоғарылататындай қауіпсіз болуы керек», - деген қағиданы негізге алатындығын айтады.     Союзпищепром – соңғы үлгідегі Buhler AG, Mill servis, Hartmann, Linko, Zucami, Big Datchman, Muyang  секілді техникалық құралдармен жабдықталған.    "Greenmilk", "Здоровое меню", "Честный продукт", "Хрусмайлики","Солнышко" ,«Царь», «Союзпищепром», «Здоровое меню»  сауда маркалы өнімдері Ресей ғана емес ТМД, АҚШ, Германия, БАӘ, Израиль, Түркия сынды мемлекеттерге экспортталады. Бұл өнімдердің  басты құндылығы – жоғары сапасы, жедел жеткізу қызметі, сервисті басқарудың қалыптасқан жүйесі.     

     ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі 

Бөлісу: