Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 шілде 2018

1745

Жаңалықтар

Желатин неден жасалады?

     Желатин (Е441) дегеніміз – бұл  тағам өндірісінде, фотоматериал, фармацевтикалық өнімдерде, медицинада, косметикалық өнімдерде қолданылатын байланыстырушы ұлпаның құрамына коллаген ақуызы кіретін малдардың сүйектерін, сіңір, шеміршектерін суда қайнату арқылы түзілетін жануар текті ақуызды заттар, тұтқыр, мөлдір (желе массалы), түссіз, иіссіз, дәмсіз зат.      Ірі қара малдардың, шошқаның терісінен, сүйек, сіңір, шеміршектерінен алынатын Е441 желатин да тағам өндірісінде, фотоматериал, фармацевтикалық өнімдерде, медицинада, косметикалық өнімдерде кең қолданылуда.   Желатин - аминқышқылдарға және коллагенге бай ақуыз. Сондай-ақ желатинде:

  • Көмірсулар;
  • Майлар және май қышқылдары;
  • Микро және макроэлементтер - темір және кальций, магний және натрий, фосфор және калий;
  • Витамин PP;
  • Толтырғыштар (су, крахмал, күл) бар.
      Желатиннің негізгі қасиеті – сұйықтыққа желе тәрізді күй беру.     Тағамдық желатин тағам өнеркәсібінің әр түрлі саласында қолданылады: -        Кондитерлік өндірісте – желе, әр түрлі кондитерлік өнімдер, мармелад, шайнайтын кәмпиттерде, десертті тағамдарда, крем, торттарда; -        Сүт өнеркәсібінде – балмұздақ, йогурт, десертті ірімшіктер өндірісінде; -        Ет және балық өңдеу өндірісінде – ет және балыққа арналған сорпаларға (заливные), зельцы, ет және балық консервілерінде; -        Сусындар өндірісінде – мөлдірлендіру және тұндыру үшін; -        Косметологияда – протеинді қоспа ретінде тырнақты нығайту үшін, гель, маска және мусс,  шампунь  өндірісінде, майсыз мазьдарда; -        Фармакологияда – капсула, таблетка өндірісінде.       Статусы: күмәнді.        Желатиннің өсімдік текті баламасы - агар. Оны балдырлардан алады. Ол да өнімдерге тығыз қою консистенция береді. Оның қоюлату дәрежесі желатиннен кем түспейді.        ҚМДБ Халал Даму мамандары жоғарыда көрсетілген мәліметерді ұсына отырып: егер желатин шошқадан немесе басқа арам сойылған малдардан алынған жағдайда – харам, ал шариғатымызда рұқсат етілген малдардан «халал» стандарты бойынша сойылып алынса – халал екендігін айтады.

                                                                                           ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: