Адал ас – адамның арқауы
Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Дәділұлы Алға ауданына жасаған сапары барысында «Алға ет өңдеу»зауытында болып, кешеннің қызметімен танысты. Бұл кешеннің ет өнімдері Ақтөбе, Атырау, Алматы, Астана қалаларына шығарылуда. Ең бастысы – Шариғат талаптарына сай қызмет көрсететін кешен. ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің мамандары арнайы зерттеу жүргізіп, бұл зауыттың қызметін талапқа сай деп танып, "Халал" сертификатын да берген болатын. Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында аталмыш кешеннің халал ет өнімдері сатылымға шығарылып жатқандығын зауыт өкілдері жеткізді.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі