Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 шілде 2012

1533

Жаңалықтар

Шошқа терісінен жасалған өнімді қалай анықтаймыз?

       Алла Тағала қасиетті Құранда: «Сендерге арам өлген мал, қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен сойылған малдың еті харам етілді» (Әль-Мәида 5:3)       Шошқа терісінің негізгі сипаттары?        Шошқа терісінің көптеген атаулары бар: шошқа терісі, шошқа замшы т.б. Шошқа терісі өте жұмсақ, дымқыл өткізбейтін, ыңғайлы және иілгіш келеді. Ішкі түкті жағы ауа өткізгіш. Сол себепті сән индустриясында қолжетімді материал ретінде өндірушілер көптеп пайдаланылады.        Сән өндірісінде шошқа терісі күртешелерді, жұмысқа арналған қолғаптарды(перчатки), әмиян, сөмке, белбеу, аяқ киім жасауда кеңінен қолданылады.        Шошқа терісін анықтаудың жолдары

  1. Ең бірінші белгі – шошқа терісінің үстінгі қабатында бір-біріне жақын орналасқан үш тесікті нүкте болады.
  2. Терінің жоғарғы қабатының барлық бөлігінде тесік болады. Өндірушілер оны барынша жасыруға тырысып, өңдесе де мұқият қарасаңыз анық көруге болады. Көбіне қымбат брендтер тері өнімдерінің құнын төмендету үшін, өнімнің ішқі қабатына шошқа терісін қолданып жатады.
  3. Шошқа терісі өте жеңіл, жұқа және өзге мал терілеріне қарағанда жылу сақтамайды. Сиыр немесе қозы терісімен салыстырғанда ашықтау түсті, өте жұқа болғандықтан тез жыртылады және өзге мал терілерімен салыстырғанда нарықта шошқа терісі өте арзан.  
      Шошқа терісі еместігін қалай білуге болады?
  1. Терінің тегістігі және нүктелі тесіктері арқылы
Жас бұзаудың терісі жұмсақ әрі тегіс болады. Бұқа терісі тегіс бірақ бұзау терісіне қарағанда қатты. Және бұқа терісінен жасалған өнімдер ауырлау болады. Қой терісінде ұсақ нүктелер болады бірақ, шошқа терісіндегідей  қатар келген үш нүктелі емес. Бұғы терісі жас бұзаудың терісіне ұқсас. Страус терісі шошқа терісіне ұқсас, тесіктері үлкен және анық көрініп тұрады. Бірақ үш нүктелі тесік емес, бір нүктелі болып келеді.
  1. Иісі
Шошқа терісі өткір иісті. Жанып жатқан терінің иісіне ұқсас. Бірақ, қазіргі таңда өндірушілер барынша өңдеп, иісін жоғалтуға тырысуда.
  1. Бағасы
Өнімнің шошқа терісінен жасалғандығын анықтаудың тағы бір жолы-бағасы. Кез-келген тері өнімінің бағасын арзандату мақсатында өнімнің ішкі бөлігіне шошқа терісі қолданылады.       Ең бастысы, тері өнімін сатып алардың алдында тексеріп, мұқият қадағалаңыз. Өнімнің шариғат бойынша рұқсат етілген немесе рұқсат етілмеген малдың терісінен жасалғандығына аса мән бергеніміз жөн. Күмәнді жағдайда, сатып алмағаныңыз абзалырақ.

ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: