Қызылорда облысындағы қасапханаларда онлайн бақылау жүйесі жұмыс істеуде
Қызылорда облысы бойынша осы уақытқа дейін ет саласы бойынша екі мекеме халал сертификатына ие болды. "Смағұл мал сою алаңы" қасапханасы мен "Фермерский" ет дүкенінде мал союды бақылаудың онлайн жүйесі іске қосылды. "Фермерский" ет дүкені өз қаражатына ет тасымалдаушы мекемеге арнайы бақылау камерасын орнатты. Онлайн бақылау жүйесі арқылы ҚМДБ Халал Даму ЖШС мамандары және кәсіпорындардың басшылары 24 сағат бойы компьтер немесе ұялы телефонға орнатылған арнайы бағдарлама арқылы қасапханалардағы жұмыс барысын бақылай алады. Қазіргі таңда еліміздің әр түпкірінде онлайн бақылау жүйесін іске қосу жұмыстары қолға алынып жатыр.
ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі