Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

31 тамыз 2018

38

Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА «BUFFET CITY» КАФЕСІ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТҚА ИЕ БОЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы қасиетті жұма күнінде «Ақмешіт-Сырдария» орталық  мешітіне жиылған барша жамағаттың алдында «Buffet city» кафесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» сертификатын табыстады.

«Мұрат» ЖК «Buffet city» қоғамдық тамақтану орны ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өту барысында 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды.

«Мұрат» ЖК, «Buffet city» кафесі

ҚР, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 31

Тіркеу номері №000216

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу: