Ақтөбедегі «Адал» кафесі халал сертификаттаудан өтті(ФОТО)
Ақтөбе облысында ҚМДБ-ның халал сертификатын алған мекемелер қатары толығып келеді. Жуырда өкіл имам Төлеби Оспан қаладағы «Адал» кафесіне ҚМДБ-ның Халал сертификатын табыс етті. ҚМДБ-ның «Халал» өнімдерін стандарттау бөлімінің облыстағы жауапты өкілі Нұрлыбек Такеев кафе басшылығымен кездесті. Кафенің тұтынушыларға ұсынатын тағам қоспалары, қызметі тексерістен өтті. Нәтижесі барлығының халал стандарты талаптарына сай келетіндігін көрсетті. Сертификаттың жарамдылық мерзімі – 1 жыл. Кафе қызметі мен өнімдері белгілі мерзім сайын тексерістен өтіп отырады. http://nurgasyr.kz/news/2344-a-t-bedegi-adal-kafesi-khalal-sertifikattaudan-tti?_utl_t=wh