ҚЫЗЫЛОРДАДА «BUFFET CITY» кафесі ҚМДБ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы «Buffet city» кафесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» сертификатын табыстады. «Мұрат» ЖК «Buffet city» қоғамдық тамақтану орны ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өту барысында 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды. http://www.muftyat.kz/kz/news/14949