"ALHADAYA" ҚАРА ЗИРЕ МАЙЫНА СЕРТИФИКАТ БЕРІЛДІ (ФОТО)
Алла елшісі, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте : «Сендер осы қара зерені пайдаланыңдар, расында онда өлімнен басқаның бәріне шипа бар», – деген. (Бұхари)
1959 жылдан бастап әлемде қара зеренің емдік қасиетіне байланысты 1000-нан астам ғылыми-тәжірибелік зерттеулер жүргізілді. Адам денсаулығының тұрақтылығын сақтайтын әсерлі компонент қара зере құрамынан анықталды. Кейбір ауруларды емдеуде қара зеренің тиімділігін клиникалық зерттеулер де дәлелдеді. Қара зерені күнделікті пайдалану тіпті, дені сау адамның денсаулығын жақсартуға септігін тигізетіні, түрлі ауруларды емдеудегі таңқаларлық нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми мақалалар мен баяндамаларда жарияланды. Осыдан 1400 жылдан астам уақыт бұрын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) айтқаны көркем түрде дәлелденді.
Пайғамбар сүннетін ұстанып, халық игілігіне пайдалы, адам ағзасына оң әсерін тигізетін өнімді ұсынатын мекемелердің бірі - Алматы қаласы, Сәтпаев көшесінде орналасқан " Alhadaya" жеке шаруашылық серіктестігі. Аталған мекеменің "Қара Зире" майы өнімі халал сертификатқа ие болды.
ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі