НАУРЫЗБАЙ АУДЫНЫНДА «АДАЛ МЕН АБЗАЛ ӨМІР» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Абу-Бакр мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Халал даму» аясында әйел жамағатына арналған «Адал мен абзал өмір» атты семинар болып өтті. Жыл басынан жоспарланған аталмыш шараға «Халал Даму» бөлімінің арнайы мамандары, Алматы қаласы бойынша «Халал Даму» жауапты өкілі Чадаев Маратхан мен сарапшы технолог Омарова Айжан қатысты. Ең алдымен Наурызбай ауданының Бас имамы Мәди Айдарханұлы «Халал мен харамның шариғаттағы үкімдері» атты тақырыпта аз-кем мағлұмат айтып, жиынды ашып берді. Содан кейін Чадаев Маратхан жиынның маңыздылығы мен «Хала Даму» бөлімінің мақсатын жиналған көпшілікке кеңінен түсіндірді. Ал сарапшы технолог Омарова Айжан заман талабына сай электронды және бейнебаян мәліметтер арқылы «Халал Даму» технологиясының жұмыстарымен таныстырып, Алматы қаласы бойынша «Халал даму» тарапынан сертификаттандырылған өнімдер мен асханалар жайлы мәлімдеме жасады. Жамағаттар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді. Шараны ұйымдастырушы Наурызбай ауданы бойынша «Әйел-қыздар» секторының өкілі Ахметова Маржан ұстаз жиналған әйел жамағатына «Күнделікті өмірдегі ас әзірлеу» тақырыбында сөз қозғады. Жиын соңында Наурызбай ауданы бойынша мешіттерден жиналған әйел жамағаты «Хала Даму» мамандары мен Мешіт имамдарының жұмыстарына табыс тілеп, алғыстарын білдірді.