Қостанайда «Халал» өнімдердің саны артуда
Облысымыздың Жітіқара аудандық «Шер 777» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Шералы Пазыловқа ҚМДБ-ның «Халал» сертификаты табыс етілді. Жітіқара ауданындағы аталмыш кәсіпкердің наубайханасы біраз жылдан бері жұмыс жасап, ұн өнімдерін шығарумен айналысып келеді. Сондай-ақ бұл кәсіп орын күніне 120 тоннаға дейін ұн өндіріп, шетелге өнімдерін тасымалдайды. Қостанай облысынан жіберілген уәкіл Азамат Мурзаканов арнайы «Шер 777» наубайханасына келіп, ҚМДБ-ның «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің халал өнімдерін стандарттау ұйымының талаптарына толық сай екендігіне көз жеткізіп, оң қорытындысын шығарды. Жұма намазының уағызынан кейін «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы Мейіржан Бердіғожин жиналған жамағатқа қуанышты хабар айтып, Шералы Пазыловқа ресми түрде«Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің халал өнімдерін стандарттау ұйымының«Халал» сертификатын табыстады. http://www.muftyat.kz/kz/news/15584