Талдықорғанда Халал асханалардың саны артуда
Жуырда Өңіріміздегі «Талдықорған-Комфорт» ЖК қарасты «TANDOOR», «БАЗИЛИК» асханаларының басшысы Талипов Дәурен Оразғалиұлына ҚМДБ-ның «Халал» сертификаты табыс етілді. «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Талдықорған өңіріндегі өкілі А.Медетбеков «Талдықорған-Комфорт» ЖК қарасты асханаларда болып, ҚМДБ-ның «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің халал өнімдерін стандарттау ұйымының талаптарына толық сай екендігін анықтады. Жұма намазының уағызынан кейін өкіл имам Оразбаев Ардақ жамағатқа жағымды жаңалықты жеткізіп кәсіпкер Талипов Дәуренге асхана өнімдері жалпы талаптар стандартына сай екендігін ресми түрде растап «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сертификатын табыстады. http://muftyat.kz/kz/news/15604