Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

08 қараша 2012

153

Жаңалықтар

ҚМДБ «ХАЛАЛ ДАМУ» ҰЙЫМЫ JAKIM ТІЗІМІНЕ ЕНДІ (ТІЗІМ)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған халал стандарттау және сертификаттаумен айналысатын «Халал Даму» ЖШС Малайзияның исламды дамыту департаменті (JAKIM) ұйымынан аккредиттеуден өтіп, құрамына әлемнің 43 алпауыт мемлекеті кіретін әлемдік халал сертификаттаумен айналысатын 75 мекемелердің тізіміне енді.Олардың құрамында: АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Германия, Франция, Италия, Корея, Жапония сынды әлемнің дамыған алпауыт елдері және Египет, Пәкістан, БАӘ секілді мұсылман елдері де  бар.

Малайзиядағы исламды дамыту департаменті (JAKIM) - ислам істеріне, соның ішінде, халал сертификаттау жұмысына жауапты халықаралық дәрежеде мойындалған мекеме.

Мекеменің басты мақсаты - халал өнімді тұтынушылардың құқығын қорғау, халыққа шариғат талаптарына сай өнім ұсыну, стандарттау және сертификаттаумен айналысатын мекемелерді аккредиттеуден өткізу, әлемде жалпы нарықтық тұтынудың 16.7% құрайтын  халал индустриясын дамыту. 

Аталған JAKIM ұйымынан аккредиттеуден кез-келген халал стандарттау және сертификаттаумен айналысатын  мекеме өте алмайды. Ол үшін өте күрделі міндеттемелердің орындалуы және мекеме жұмысының халықаралық стандарт талаптарына сәйкес болуы себебінен, «Халал Даму» мекемесінің қызметкерлері 2 жыл тынымсыз әрі қарқынды жұмыстар жүргізді. ҚМДБ халал стандарттау бөлімін Малайзиялық JAKIM ұйымының мойындауы, еліміз үшін, тұтынушылар үшін, өндіруші кәсіпорындар үшін халықаралық халал нарыққа жол ашатын алтын көпір іспеттес.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен жүргізіліп жатқан бұл шара: «Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнесті нығайтып, халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы» атты мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын қолдап, жүзеге асыруының бір көрінісі.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 2-10 қыркүйек аралығында ҚМДБ халал стандарттау бөліміне Малайзиялық JAKIM ұйымының аудитерлері келіп, мекеме жұмысының халықаралық халал стандарт талаптарына сәйкестігін, эксперт, технолог, инспектор-контролер, қасапшы, оқу-семинар өткізуші лекторлар, пәтуа бөлімінің мамандарының білімін, жүктелген міндетті орындау қабілеттерін, іс-құжат жүргізу тәртібін, Халал Дамудан сертификаттаудан өткен кәсіпорындардың жұмысын, өнім өндіру барысында стандарт талаптарының сақталуын, халал сертификаттаудан өткен мекеме жұмыстарының қадағалануын, айлық тексеріс жұмыстарының жүргізілуін, молекула-генетикалық зерттеу лабороторияларының стандарт талаптарына сәйкестігін, зертханада сынақтан өткен өнімдердің қорытындыларын, «Халал Даму» ЖШС құрылғаннан, яғни, 2014 жылдан бері жүргізілген барлық жұмыстарды халықаралық халал стандарт талаптары бойынша сәйкестігін тексеріп, аккредиттеуден өткізіп, оң бағасын берді.

[gview file="http://old.halaldamu.kz/wp-content/uploads/2018/11/LATEST_CB_LIST_AS_OF_November_1st_2018.pdf" profile="2"]

ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: