Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 қараша 2018

40

Жаңалықтар

Қызылорда: Екі кәсіп орын халал сертификатына ие болды

Сыр еліне арнайы іс-сапармен келген ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы «Ақмешіт-Сырдария» орталық  мешітіне жиылған жамағаттың алдында «Береке» ШҚ мен «Натишаева» ЖК мекемесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» сертификатын табыстады.

Аталмыш мекемелердің «TAZA» сауда белгісімен өндірілетін тауық еті және шұжық өнімдері ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өту барысында 1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды.

«Береке» ШҚ, «TAZA» тауық еті өнімдері

ҚР, Қызылорда қаласы, Бекшораулы көшесі, 72

Тіркеу номері №000238

«Натишаева» ЖК, «TAZA» шұжық өнімдері

ҚР, Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылдық округі, 32 құрылыс

Тіркеу номері №000240

Бөлісу: