Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 қараша 2018

1839

Жаңалықтар

СУШИ жеуге бола ма?

Қазіргі таңда сушиді білмейтін адам кемде-кем себеі аз ғана уақыттың ішінде жапон асханасы ең үлкен мегаполистерді жаулап алды. Л. И. Здановичтің аспаздық сөздігінде сушиға мынадай анықтама береді: «Суши - күріш котлеттерін  арнайы суши соусы сіңген шикі балық немесе шикі асшаяндармен орап дайындайтын жапон халқының ұлттық тағамы. Балықтың орнына уылдырық,  тофу соя сүзбесі және т.б қолдануы мүмкін. Көбіне сушиді балдыр жапырағына («нори-суши»), қайнап тұрған немесе кептірілген соя сүтінен алынатын пленкаға(«намаюба»), құрма жапырақтарына(«какиноба-суши»)  орайды». Суши туралы сөз қозғаған кезде тек қана суши емес сонымен қатар роллыды да назарға алып отырғанымызды ұмытпаңыздар. Роллы - балдырлармен оралған, ішінде әртүрлі қоспалар (начинки) қосылған сушидің бір түрі. Қоспа ретін ретінде әртүрлі теңіз өнімдерін: балық, уылдырық, омлет, қияр, авокадо, жұмсақ сүзбелі ірімшік т.б қолданады. Сушиді соя соусы, маринадталған имбирь және васабимен ұсынады. Сонымен қатар, сушидің классикалық емес: ыстық роллы, тәтті роллы, қуырылған ет қосылған роллы деген түрлері де бар.  Классикалық емес етпен дайындалған сушиді тұтынуға рұқсат беру немесе рұқсат бермеу еттің халал немесе харамдығына байланысты. Егер қолданылатын ет шариғат талаптарына сай сойылған, халал малдың еті болса әрине, рұқсат етіледі. Егер харам болса, рұқсат етілмейді.  СУШИДІ ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӨНІМДЕР: Бәріміз анық білетіндей: күріш, балдырлар, әртүрлі көкеністер: қияр, авокадо, шалғам және басқаларын тағамға қолдануға рұқсат етілген. Сондықтан да оларға кеңінен тоқталамасақ та болады. Суда өмір сүретін тіршілік иелерінің ішінен тек балықты ғана жеуге рұқсат етілген. Шаян, мидия, устрица, сегізаяқ т.б суда өмір сүрсе де балық болып саналмайтындықтан оларды жеуге рұқсат етілмейді. Егер суши балық емес, басқа теңіз өнімдерінен: кальмар, шаян т.б дайындалса оларды тағам ретінде жеуге болмайды. Қазіргі таңда көптеген сушилерді дайындау барысында шаян таяқшалары (крабовые палочки) қолданылады. Көптеген шаян таяқшаларын дайындау барысында қызыл реңк беру үшін рұқсат етілмеген Е 120 қоспасы қолданылады. Ол жәндіктен алынатын қызыл бояу. Сондықтан краб таяқшаларынан дайындалған сушиге тапсырыс берер алдында да жақсылап ойланғанымыз абзал.   БАЛЫҚ Балықтың барлық түрін, тек сыртқы факторлардың әсерінсіз табиғи жағдайда суда өліп қалғандардан басқасын жеуге болады. Егер де сыртқы әсерден: температура(ыстық, суық), тасқа соғылып, мұзға қыстырылып қалып, ауға оралып немесе толқынмен жағаға шығып қалып өлген болса ондай балық – халал.  Балықтың: треска, тунец, семга, угорь, теңіз құбыжығы (морской черт), шортан, теңіз сомы (морской сом), скумбрия, форель және т.б түрлерін жеуге рұқсат етілген. Теңіз сомы мен угорь балықтары сыртқы түр жағынан басқа балықтардан өзгеше болса да, оларды жеуге рұқсат етілген.   МАРИНАДТАЛҒАН ИМБИРЬ Әдетте дайын сушиді маринадталған имбирьмен ұсынады. Ол өнімді залалсыздандырып, әртүрлі роллылардың дәмін араластырып жібермеуге көмектеседі.  Маринадталған имбирь екі түсті болады: күлгін және ақ. Ақ имбриьді қант, тұз, су және уксус қосып маринадтайды. Егер маринадтау барысында құрамына: күріш виносын (мирин) немесе арақ қосқан жағдайда ондай өнімді тұтынбағаныңыз абзал. Күлгін имбирьді дайындау барысында күлгін жүзім виносын немесе қызылшаның сығындысын қолдануы мүмкін. Күлгін жүзім виносын қолдану арқылы маринадталған имбирьді тұтынбаған жақсырақ. Күмәнді жағдайда кафе қызметкерлерінен маринадтау барысында құрамына не қосқанын нақтылап біліп алғаныңыз дұрысырақ.   СОЯ СОУСЫ Классикалық соя соусы құрамына тек тұз, су, соя және бидай кіреді. Барлық ферментациялық негіздегі соустар секілді мұндай соуысқа рұқсат етілген. Алайда қазіргі таңда көптеген өндірушілер соя соусын дайындау барысында консерванттар мен басқа да қоспаларды қолданады.   ВАСАБИ Васабидың да имбирь секілді антимикробты қасиеттері бар. Ол өзен жағасында өсетін васаби өсімдігінің тамырынан алынады.  Васаби дәмдеуішін тағамға қолдануға рұқсат етілген. Алайда көптеген суши-барларда табиғи васаби емес, жасыл бояу қосылған жүгері қоспасын пайдаланады. Мұндай дәмдеуішке де рұқсат етілген, алайда табиғи васбидан ерекшеленеді.   ҚОРЫТЫНДЫ Сушидің құрамына әртүрлі ингредиенттер қосылады. Құрамында тиым салынған өнімдер болған жағдайда, ондай сушиді тұтынбағаныңыз абзал. Соустар ұсынылған жағдайда, оның құрамын анықтап, сұрап алыңыз. Балықтан басқа теңіз өнімдерінен дайындалған сушиге тапсырыс бермегеніңіз абзал. Маринадталған имбирьдің құрамына, әсіресе күлгін имбирьдің құрамында қандай қоспалар барын нақтылап алған дұрысырақ. Абай болыңыз шикі балықтан уланып қалмас үшін, тексерілген, сенімді орындарда ғана сушиге тапсырыс беріңіз!        ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: