Моно және диглицерид май қышқылдары (Е471)
Моноглицерид – құрамы глицерин және бір май қышқылынан тұратын май қосындысы болса, диглицерид – құрамы глицерин және екі май қышқылынан тұратын майлар қосындысы. Моно және диглицеридтер тағам өндірісінде эмульгатор және стабилизаторлар ретінде қолданылады. Табиғатта бір-бірімен араласпайтын заттардың біркелкі табиғи массасын алуға көмектеседі. (Мысалы: Е 471 қоспасы арқылы табиғатында бір-бірімен араласпайтын май мен суды араластырып, біркелкі масса алуға болады.) Оларды көбіне сүт және май өнімдерін дайындау барысында кездестіруге болады. Моно және диглицеридтер жануардан(сиыр және доңыз) және өсімдік(жүгері майы, арахис, соя бобтары) және жасанды май қышқылдарынан алынуы мүмкін. Моно және диглицеридтер халал, шариғат талаптарына сай бауыздалған жануардан алынса және өсімдік негізінен алынған жағдайда пайдалануға рұқсат етіледі. Моно және диглицеридтер көбіне балмұздақ, маргарин, майонез, йогурт, кондитерлік өнімдерде және майлығы жоғары басқа да өнімдердің құрамында кездеседі.
ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі