Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 желтоқсан 2018

39

Жаңалықтар

«ТОЙБОСС-KZ» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ (ФОТО)

Қырғызстан елінде өндірілетін «Тойбосс» атты шұжық цехы ҚМДБ-ның халал стандартына сай келіп, сертификатқа ие болды. 

«Тойбосс» сауда маркасы 2012 жылы Қырғызстан нарығында құрылып, аз уақыттың ішінде  сапалы, пайдалы және дәмді ет өнімдерін өндіруші кәсіпорын ретінде танылды.

Дәстүрлі рецептер, жоғары технологиялық әлемдік брэндтік аппараттар және өндірістің жоғары стандарттары, сапаның әрдайым өсуін қадағалау, техникалық рецептурларды қатаң бақылау, сонымен қатар, тек «Халал» өнімдерді қолдану «Тойбосс» компаниясы қызметінің негізгі күші.

Мекеме шикізатты және дайын өнімді микробиологиялық, физико-химиялық және органолептикалық сынақтан өткізіп тұратын лабороториялармен қамтамасыз етілген және де өндіріс құралдарына, тұтастай ғимарат аумағында тұрақты санитарлы-гигиеналық тазарту жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Мал сою цехы бір аусымда 22 тонна мал бауыздай алады. Ірі қара малды, мал сою цехына әкелмес бұрын «күту кезеңі» қарастырылған. Алдымен, 150 бас мал «күту кезеңінде» болып, ветеринарлар 21-30 күндей   қатаң бақылау жұмыстарын жүргізеді. Бұл сынақтан өткен жануарға «қан сынамалық» талдау жасалынады.  Сынақтан өтпеген жануарлар «карантиндік оқшаулауда» емделеді.

Аталмыш шұжық цехы өнімдерін қазіргі таңда елімізге экспортқа шығаруда.

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН:

ҚР, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Еспаева көшесі, 81 үй.

+7 700 710 00 06

mahmutkeev@gmail.com

 

Бөлісу: