Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 тамыз 2016

37

Жаңалықтар

"Халал" өкілі Қарағанды өңірінде

Тамыз айының 2-ші жұлдызында «Халал Даму» ЖШС директорының орынбасары Елжанов Ануар Ізімбайұлы Қарағанды облыстық орталық мешіті бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожаның қабылдауында болып, жамағатпен жүздесіп, «Халал мен харамның мән-мағынасы. Азық-түліктегі күмән туғызатын Е қоспалары» атты тақырыпта ақшам намазынан соң уағыз айтты. Жамағат халал өнімдерін сертификаттау бойынша маман иесінен көптеген ақыл-кеңестер алды. Сондай-ақ, Қарағанды қаласының жергілікті кәсіпкерлерімен кездесу өтіп, кездесу барысында адал өнімнің шарттары мен мағынасы жайлы айтылды. Өз өнімдерін халал стандартына сай шығарамын деп қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Облыстағы «халал» сертификатын алған кәсіпорындар әрдайым тексерістен өтіп тұратындығын білеміз. Осыны негізге ала отырып, Қарағанды облысы бойынша халалдың жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы мен Елжанов Ануар Ізімбайұлы Қарағанды қаласындағы «KFC» жедел әзір болатын тағамдар желісінің екі бөлімшесінде тексеріс жүргізді. Естеріңізге сала кетсек, «KFC» жедел әзір болатын тағамдар желісі «Халал Даму» ЖШС-нің сертификатын алып, ҚМДБ-мен бірлесе отырып жұмыс істеп келеді.

ҚМДБ "Халал стандарты" бөлімі

711631_1470735667_890_530_0

366700_1470735667_890_530_0

101960_1470735667_890_530_0

23882_1470735667_890_530_0

452776_1470735667_890_530_0

522971_1470735667_890_530_0

Бөлісу: