Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 наурыз 2019

41

Жаңалықтар

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС жауапты өкілі дәріс оқыды

ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен  аптаның соңғы күні «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде  Павлодар облысы бойынша «Халал Даму» ЖШС-не жауапты өкілі Қазыбек Какенов дәріс оқыды. Дәріске аталмыш мешіттің «Әйелдер-қыздар» секторының белсенділері мен әйел шәкірттер  түгелдей қатысты. Дәрісте  ғылыми дəлел дəйектермен əлемдік халал өндірісінде көш басында келе жатқан мемлекеттердің тəжірибесіне сүйене отырып, ҚМДБ-ның халал стандарттау бөлімі дайындаған жол картасы таныстырып, шәкірттерге бұл жоспардың  ерекшеліктері мен маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ   бейнебаян мәліметтер арқылы «Халал Даму» технологиясының жұмыстарымен таныстырып, елімізде және Павлодар облысы  бойынша «Халал даму» тарапынан сертификаттандырылған кәсіпорындар  жайлы да мәліметтер айтылды.

Сонымен бірге Павлодар өңірі бойынша «Халал Даму» орталықтарымен және сертификатқа ие болған дүкендер санын, қай мекен-жайда орналасқандықтарын,  «Мал бауыздау және ет өңдеу» сертификатын алған қасапшылар жайлы  атап өтті. Жылдан-жылға біртіндеп оңірімізде шариғат талабына сай «Хала Даму» сараптамасынан тексерілген мекемелерді таныстырды.

 Жалпы бұл семинар әйел шәкірттерге  халал стандарттау саласы бойынша туындаған сұрақтарға жауап бере алатындай бір пайдалы дәріс болды.   Семинар барысында шәкірт әйелдер  көкейде жүрген көптеген сауалдарын қойып, ҚМДБ «Халал Даму» жауапты өкілінен  нақты жауаптарын алды. 

Бөлісу: