Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 тамыз 2016

37

Жаңалықтар

Астанада халал өнімдерінің сапасы тексерілді (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Әнуарбек Елжанов пен ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің Астана қаласы бойынша өкілі, «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Сәлімов елордамыздағы бірқатар мекемелерді аралады.
Атап айтсақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінде орналасқан «Мумтаз» мейрамханасы, «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығындағы «Mavera», «Азия Парк» сауда орталығындағы «KFC» асхана желілері мен «Нуриддин тур» ЖШС-нің «Төрт түлік» фермерлік дүкені өнімдеріне кезекті тексеріс жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында аталмыш мекемелердің халыққа ұсынған өнімдерінің сапасы, табиғи құнарлылығы мен тазалығына жіті мән беріліп, ұсыныс-кеңестер айтылды. Ал өз кезегінде аталған мекеме өкілдері өнімдерді әрқашан халыққа халал стандартына сәйкес әзірлеп, адал қызмет қылатындықтарын жеткізді.

ҚМДБ "Халал стандарты" бөлімі

Halaa21

Halaa20

Halaa19

Halaa18

Halaa17

Halaa16

Halaa15

Halaa14

Halaa13

Halaa7

Halaa6

Halaa4

Halaa3

209985_1470736048

Бөлісу: